Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ¬- ҚОҒАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ»

Еліміз өз тәуелсіздігін алып, етек-жеңін жинағанына 24 жылдың жүзі болды. Осы уақыт аралығында көптеген жетістіктер мен қыруар тірліктердің атқарылғанына баршаңыз куәсіздер.

Қазақстанның тұрақты дамуы мен қалыптасқан мемлекетке айналуы Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың ерең еңбегі деп білемін. Ұлт Көшбасшысының бастамасымен «Бір терезе» қағыдаты негізінде  құрылған Халыққа қызмет көрсету орталықтары 2007 жылдан бері табысты жұмыстар атқарып келеді. Бұл бастманың астарында үлкен саяси мағына бар десекте болады. Атап айтар болсақ, Халыққа қызмет көрсету орталығы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құрылған десекте болады. Себебі орталық халық пен мемлекеттік орган арасын байланыстыраты көпір қызметін атқаруда.

Қай заманда болмасы, қай мемлекетте болмасын жемқорлық жегі құрт, экономиканы атрқа тартушы фактор, ал онымен күресу бірінші орында тұруы тиіс. Сыбайлас жемқорлықпен күресу Қазақстанның бүгінгі күнгі күрделі мәселесі болып отыр. Үлкен әлеуметтік қасірет болып табылатын ол саяси даму тұрғысынан бір-біріне ұқсамайтын әлемдегі барлық елдердің қай-қайсысын да қатты алаңдататыны анық.Жемқорлық деген не? Жемқорлық ұғымы заманауи құқықтық сөздік қолданысында кеңінен қолданылады және терең тарихи тамыры бар.  Жемқорлық  - мемлекеттік басқару құрылымдарындағы лауазымды қызметкерлердің өздеріне тапсырылған қызмет мүмкіндіктерін жеке бастарының пайдасы мен мүддесі үшін пайдалану мақсатында жасаған қоғамға қауіпті қылмыстық іс-әрекеттері. Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Жемқорлық жасалу түрлеріне қарап екіге бөлінеді: жекелеген лауазымды қызметкерлер жасаған қылмыстық іс - әрекет және бірнеше лауазымды қызметкерлер бірігіп жасаған қылмыстық іс-әрекет. Сыбайлас жемқорлық түсінігі - өзінің пайдасы үшін пайдалануды білдіретін термин. Оның тарихи тамыры көздеген мақсатқа әуре-сарсаңға түспей жету үшін сыйлық жасау әдетінен шығады. Базалы сыйлық оның өтінішінің орындалуына көмек болады. Олар өз кірістерін жалақыдан анағұрлым көбейту үшін өздерінің қызмет өкілеттіктерін пайдалануға тырысады.  Біз өзгелер сыйлайтын ел боламыз десек сыбайластыққа қарсы бітпес күрес ашуымыз қажет. Осы орайда елбасымыз нақты тапсырма берген болатын. Өзінің туған елін, туған өлкесі ғасыр көшінен қалып қоймауын қаламайтын әрбір саналы азамат жемқорлықты ауыздықтау ісіне өзінің үлесін қосуы тиіс. Ол үшін әрқайсымызда осы мәселеде өз азаматтық ұстанымды айқындап, оны түбірімен жоюға атсалысуымыз қажет. Сыбайлас жемқорлық ұлтымыздың қауіпсіздігіне, еліміздің халықаралық беделіне, азаматтардың конституциялық құқықтыры мен бостандықтарына елеулі нұқсан келтіретін қауіпті құбылыс. Сондықтан да жемқорлықты арамыздан аластату, оны қоғамымызға жат қылық ретінде ашып көрсету, оған қарсы күресу баршамыз болып жұмылатын маңызды іс. Оны тек заң қызметкерлері ғана жүзеге асырады деп, қоғамға жат істі баршамыз болып бірлесе  күреспей, одан бойымызды аулақ ұстасақ, ол бұрынғының үстіне өрши түсетіні белгілі.  Осыған байланысты әрбір мемлекеттік органдарда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және болдырмау бағытында іс-шаралар жоспарлары белгіленді. Аталған бағытта атқарылып жатқан шаралардың басты мақсаты-мемлекеттік органдардың және азаматтық қоғам институттары қызметін үйлестірудің тиімділігін арттыру жолымен қоғам өмірінің барлық салаларында сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету. Сыбайлас жемқорлықтың жолын кесуге бағытталған заңнамаларға қарамастан еліміздің барлық саласында да сыбайлас жемқорлықтың қаупі бар. Сыбайлас жемқорлық мемлекеттің бәсекеге қабілеттілігін айтарлықтай төмендететіні, қоғамда демократиялық оң өзгерістерді жүзеге асыруды тежейтіні, елдің халықаралық беделіне нұқсан келтіретіні белгілі. Ең бастысы-адамдардың қоғамның демократиялық бастауларына, заң мен шындыққа, сайып келгенде билікке деген сенімін әлсіретеді. Сонымен қатар. сыбайлас жемқорлықпен пәрменді күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының деңгейі мен сапасын арттыру керектігінің маңызы зор. Халық өздерінің құқықтарын, өздеріне қарсы қандай да бір құқыққа қайшы іс-әрекет жасалған жағдайда қандай іс-қимыл қолдану керектігінің нақты жолдарын толық білулері қажет. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаев  «Қазақстан-2050» Стратегиясы- қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында, сыбайлас жемқорлықтың ауқымы мен салдарын нақты бағалап, осы қауіпті құбылыспен қатаң және шешуші түрде ымырасыз әрі жан-жақты жоспарлы күрес жүргізуді басты мақсат екенің  ерекше атап өткен болатын. Бұл сыбайлас жемқорлықпен күресудің маңызды қыры. Елбасының бүгінгі  таңда алға қойып отырған міндеті мен талабы да осы. Олай болса қоғам, оның әр мүшесі болып жемқорлықпен ашық күрес жүргізгеніміз дұрыс болар. Сыбайлас жемқорлықпен күрес көптің белсене атсалысатын ісі!

"ХҚКО" Жамбыл облысы бойынша филиалы №1 бөлім

0
0
808

Еще по теме

«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚПЕН КҮРЕС ¬- ҚОҒАМ ҮШІН МАҢЫЗДЫ» - Yvision.kz