СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ АТТЫ КӨРМЕ ӨТКІЗІЛДІ
Бүгін, Алматы облысы, Іле ауданы, Өтеген батыр ауылында аудан тұрғындарына «СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ – ҚОҒАМ ДЕРТІ» атты сурет көрмесі өткізілді.
Көрмеге орта мектептері оқушыларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы үздік суреттері қойылды.
Көрмені ұйымдастырудың басты мақсаты - өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілікті және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру.
