Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНДЕ ОРЫН ЖОҚ

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы қаласы бойынша Департаменті (бұдан әрі-Департамент) Алматы қаласы жастар саясаты басқармасымен бірлесіп «ALMATY MANAGEMENT UNIVERSITY» университетінде (бұдан әрі-Университет) студенттер және мұғалімдер қауымының қатысуымен «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын» насихаттауға арналған дөңгелек үстел өткізді.

Департамент басшысының орынбасары – Тәртіптік Кеңес Төрағасы Камалов Бахтияр Камалұлы Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы Стратегиясын және мемлекеттілікті нығайту үшін бес институциалдық реформаларды, жүз нақты қадам ұлттық Жоспары жөнінде түсіндіріп өтті.

Іс-шараның өту барысында Университеттің академиялық мәселелері жөніндегі проректор Дуйсенгулова Нуржамал Салимгерейқызы, өткізіліп отырған дөңгелек үстелдің маңыздылығын атап және Университетте сыбайлас жемқорлыққа қарсы атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырып өтті. Жоғары білім, магистратура, докторантура сияқты оқу бағдарламаларын іске асыратын «ALMATY MANAGEMENT UNIVERSITY» университетінің түлектері, Республиканың болашағы үшін кәсіпті және ашық жұмыс істеуге міндет.

Заң ғылым докторы – «Құқық» кафедрасының профессоры Абдрашев Руслан Муратханұлы сыбайлас жемқорлықпен және ұйымдасқан қылмыспен күрес үшін жүйелілікті, және алдағы ауқытта қабылданатын Қазақстан Республикасы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» заңында іске асыратын тетіктерді жетілдіруін ұсынды.

Іс-шара сұрақ-жауап форматында өтіп, катысушыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы мазмұндағы кітапшалар таратылып, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытта бейнеролик көрсетілді.

 

0
0
334

Еще по теме

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНДЕ ОРЫН ЖОҚ - Yvision.kz