Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ҮЗДІК ҚАЛА ЖӘНЕ АУДАН ӘКІМДІКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН АТАП ӨТТІ

Жыл қорытындысы бойынша Орал қаласы мен Бөрлі ауданының әкімдері халықпен тиімді қызмет атқарғаны үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Төрағасы Алик Шпекбаевтың грамотасымен және алғыс хатымен марапатталды.

2021 жылдың 2 қаңтар күні Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғ.Н.Есқалиев Агенттік төрағасының Құрмет грамотасын Орал қаласының әкімі Абат Шыныбековке және алғысын Бөрлі ауданының әкімі Миржан Сатқановқа тапсырды.

Орал қаласындағы «Ашық әкімдік» қызметі 2017 жылы ашылып, тұрғындарды қабылдау жүргізуде. 2020 жылы «Ашық әкімдік» Орал қаласының Зашаған кентінде ашылса, Деркөл кенті әкімдігі Open space форматына көшті.

Бөрлі ауданында «Ашық әкімдік» қызметі аудан және Ақсай қаласы үшін қызметтер көрсетуде. Сонымен қатар, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобасын және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-шараларды ұйымдастыру үшін аудандық бюджеттен 2 млн теңге қаржы бөлінді.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы аясында халықпен тиімді кері байланыс орнату үшін өңірдің барлық аудан әкімдіктері «Open Space» форматындағы мемлекеттік және консультациялық қызметтер кешенін көрсетуді қарастыратын қызмет көрсетудің сервистік моделіне көшіп, жұмыстар «бір терезе» қағидаты бойынша жүзеге асырылады.

Егер сізге сыбайлас жемқорлық фактілері туралы белгілі болса, онда сіз тәулік бойы жұмыс істейтін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 1424 Call-орталығына хабарласа алатыныңызды есіңізге саламыз.

0
0
250

Еще по теме

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЗМЕТ ҮЗДІК ҚАЛА ЖӘНЕ АУДАН ӘКІМДІКТЕРІНІҢ ЖҰМЫСЫН АТАП ӨТТІ - Yvision.kz