Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ

Бүгін Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті Превенция және парасаттылық басқармасының басшысы Асқар Жұмаханұлы Садықов Талдықорған қаласының жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің ұжымымен кездесті. Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік мәдениетін қалыптастырудың қажетті шарты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша ақпараттық жұмыс болып табылады.

Сондықтан, әңгімелесу барысында қызметкерлер сыбайлас жемқорлық ұғымымен, сыбайлас жемқорлық үшін қылмыстық жауапкершілік шараларымен егжей-тегжейлі танысты, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша нормативтік актілерді, сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлаған азаматтарды көтермелеудің жаңа жүйесі туралы және 1424 Call-орталығының жұмысымен танысты. Кездесу соңында қызметкерлерге Департамент тарапынан арнайы дайындаған бейнеролик көрсетілді.

0
0
159

Еще по теме

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТАҚЫРЫБЫНДА КЕЗДЕСУ ӨТКІЗІЛДІ - Yvision.kz