Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БОЙЫНША LIVE-СЕМИНАР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТТІ

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасына сәйкес квазимемлекеттік сектор субъектілері ұйымның және оның қызметкерлерінің Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамасын сақтауын қамтамасыз ету мақсатындасыбайлас жемқорлыққа қарсы Комплаенс-қызметтердің функцияларын орындайтын құрылымдық бөлімшелерді айқындауға тиіс.

Осыған байланысты, сондай-ақ мемлекеттік мекемесубъектілерінде комплаенс-қызметтерді тарату мәселелерін жылдамдату мақсатында ағымдағы жылдың 25 тамызында Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті мемлекеттік ұйымдар басшылары мен Компленс-офицерлерге арналған онлайн-семинар өткізді.

Семинарда ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Алматы облысы бойынша филиалының директоры К.Шакишев баяндама жасады.

Кері байланыс барысында қатысушыларға барлық сұрақтарға толық жауаптар берілді.

Онлайн-семинардың қорытындысы бойынша қатысушылар Комплаенс-офицерлер үшін қосымша білім алуға қызығушылық танытты.

0
0
203

Еще по теме

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КОМПЛАЕНС БОЙЫНША LIVE-СЕМИНАР АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ӨТТІ - Yvision.kz