СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕГІ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТІҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
АТАЛҒАН ЖИЫНДА АУДАНДЫҚ МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТЫ БАЙКУЛОВ МҰХТАР КӨЛБАЙҰЛЫ ТӨРАҒАЛЫҚ ЕТТІ.
Отырыс барысында:
1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша соңғы заңнамалық өзгерістер бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаменті өкілінің баяндамасы.
2. Аудан тұрғындары арасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы талдау жасаған Ішкі саясат бөлімінің есебі.
3. Қарасай аудандық жер қатынастар бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы.
4. Қарасай аудандық сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы.
5. Қарасай аудандық халықты жұмыспен қамту орталығы басшысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жағдайы туралы.
Күн тәртібіндегі бірінші мәселе бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Алматы облысы бойынша департаментінің бас маманы Қалдығожин Дәулет Қуатұлы соңғы заңнамалық өзгерістер бойынша баяндама жасады.
Қалған барлық сұрақтар бойынша кеңес мүшелері Қаулы қабылдап, ұсыныс-ескертпелердің орындалуы бойынша баяндамашыларға бірқатар тапсырмалар беріп, аталған кемшіліктерді жоюды тапсырды.
