Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ЖӨНІНДЕ ЖИЫН ӨТТІ

Төлеби аудандық қорғаныс істері жөніндегі біріктірілген бөлімнің жылдық жоспарына сәйкес сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбы бойынша жиналыс өтті. Жиналысқа Төлеби ауданы «Nur Otan» партиясы жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңес төрағасының орынбасары А.Омаровпен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңес мүшесі А.Тлеубердиев жиынға қатысты.

Кездесу барысында сыбайлас жемқорлық ұғымының не екенін айтып, оның қоғамға зияны туралы, парақорлыққа қарсы тәртіп орнату, осыған қарсы әрекет ете білу жайында әңгіме қозғады. Кездесу соңында қатысушылар өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, өз сұрақтарына жауаптар алды. Бұл іс-шарадан қазіргі кезде қоғамда кездесетін жемқорлықтың алдын-алу себептерін біліп, онымен күресу үшін не істеу керектігі туралы толық ақпарат алды.

«Nur Otan» партиясы Төлеби аудандық филиалының баспасөз қызметі.

3
0
145

Еще по теме