СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ...
СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ӘРБІР АЗАМАТТЫҢ МІНДЕТІ...
Төлеби ауданы "Nur Otan" партиясы филиалының ұйымдастыруымен жастар арасында сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу мақсатында "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл әрбір азаматтың міндеті!" атты іс-шара өткізу барысында Төлеби ауданы "Nur Otan" партия филиалының Саяси кеңес мүшелері жастармен кездесу өткізді. Кездесу барысында жастарға сыбайлас жемқорлық ұғымының не екенін айтып, оның қоғамға зияны туралы, жастар арасында парақорлыққа қарсы тәртіп орнату, осыған қарсы әрекет ете білу жайында әңгіме қозғады. Кездесу соңында жастар өздерін қызықтырған сауалдарды қойып, өз сұрақтарына жауаптар алды. Бұл іс-шарадан жастар қазіргі кезде қоғамда кездесетін жемқорлықтың алдын-алу себептерін біліп, онымен күресу үшін не істеу керектігі туралы толық ақпарат алды
