Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ.

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ.

26.08.2021 жылы "Nur Otan" партиясы Райымбек аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қоғамдық кеңесінің онлайн отырысы өтті.

Отырысты қоғамдық кеңестің төрағасы Себдайр Марат Манапұлы ашып жүргізді.

Жоспар бойынша күн тәртібіндгі бірінші мәселе Райымбек аудандық «Жұмыспен қамту орталығы» мекемесінің бюджет қаражатын жұмсау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмыстарының барысы туралы аудандық "жұмыспен қамту орталығының" бөлім басшысы Т.Малтақбаев есеп берді.

Екінші мәселе «Жамбыл», «Сүмбе» ауылдық округ әкімдіктерінің 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасының орындалу барысы туралы "Жамбыл" бастауыш партия ұйымының төрағасы Қойлыбаев Роман Бекзадаұлымен "Сүмбе" бастауыш партия ұйымының төрағасы Бестібаев Елжан Кадрахманұлы есеп берді.

Күн тәртібіндегі үшінші сұрақ бойынша Райымбек аудандық «Жастар ресурстық орталығы» мекемесінің бюджет қаражатын жұмсау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша атқарған жұмыстарының барысы туралы аудандық "жастар ресурстық орталығының" жетекшісі Шымырбаев Нартай Мұратұлының берген есебін қоғамдық кеңес мүшелерін қанағаттандырмағандықтан үшінші мәселені алдағы уақытта кеңес отырысында қайта қаралатындығы айтылды.

Күн тәртібіндегі қаралған екі мәселе бойынша қоғамдық кеңес мүшелері бір ауыздан қаулы қабылдады.

0
0
194

Еще по теме

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫ. - Yvision.kz