Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СУ ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

СУ ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

Маусымның 17-нен бастап Орал қаласындағы №22 маршрут бойынша заманауи су жаңа автобустар қызмет көрсетеді. «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС-ы қазақстандық зауытта құрастырылған 20 «Yutong» автобусымен толықты. Жақын күндері осындай 10 автобус қатарға қосылады.

Тұңғыш Президент алаңында жаңа көліктерді таныстырған іс-шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев пен автопарк басшылары, қала тұрғындары қатысты.

– Жыл басында автопарк басшыларына мемлекет тарапынан субсидия төленетіні айтылып, ал олар жолаушылар тасымалы үшін кем дегенде 100 заманауи автобус алып келетіні жөнінде келісімге келген едік. Міне, осы келісімнің жүзеге асқанына куә болдық. Жыл соңына дейін осындай 70 автобус келуі керек. Бұның бәрі халқымыздың игілігі, өмір сапасын жақсарту үшін жасалуда.

Автопарк басшыларының сөзінше, бір автобус күніне кем дегенде 800-1000 жолаушы тасымалдайды екен. Жалпы барлық автобус күніне 50 мыңдай жолаушы тасымалдайды деген сөз. Яғни бір автобус 25-30 жеңіл көліктің жұмысын атқарады. Айта кету керек, жолақы 80 теңге болып қала береді. Соңғы бес жылдан бері билет бағасы өзгерген жоқ, өзгертпейміз де. Елімізде құрастырылған автобусты қолжетімді бағада сатып алу үшін автопарк басшылығымен тиімді шарт жасастық. Сондықтан басқа да автопарктердің осындай қоғамдық көліктер алуына тілектеспін. Біз ГАЗельдерді, ескі ПАЗдарды заманауи автобустарға ауыстыруымыз керек, - деген облыс әкімі көлік жүргізушілеріне қоғамдық көліктердің кілттерін табыстады.

Сонымен бірге өңір басшысы жаңа автобустардың кедергісіз жүруін, жүргізушілер мен кондукторлардың жолаушыларға жылы шыраймен қызмет көрсетулерін тіледі.

«Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС-ы паркіндегі №22 маршрутта жүрген автобустар соңғы рет 2007 жылы ауыстырылған екен.

Аталмыш серіктестіктің бас есепшісі Альфия Джалелованың айтуынша, 30 автобусқа жұмсалған 1 млрд 587 млн теңгенің 20%-ы мемлекет тарапынан субсидияланған. «Смарт Қала» ЖШС-ы автобустарды СМС төлем және QR-код арқылы төлем енгізу жүйесімен жасақтаған. Сонымен бірге мүмкіндігі шектеулі жандарға мініп-түсуге қолайлы, панднемияға байланысты дезинфекция жасауға да ыңғайлы жағдай жасалған.

0
0
344

Еще по теме

СУ ЖАҢА АВТОБУСТАР ЖОЛҒА ШЫҚТЫ - Yvision.kz