Перейти к содержимому

Су тасқынының себеп-салдары

“Су-тіршілік көзі” дейміз. Алайда дәл осы тіршілік көзінің қазіргі таңда қазақ халқына көрсетіп жатқан қиындығы жетерлік. Атап айтатын болсақ еліміздің батыс,солтүстік өңірлерінде су тасқыны апаты тіркелуде. Әрине, табиғи апат айтып келмейді. Дегенмен, бұл қиындықтың боларын білсе қарапайым халық тұрғылықты жерін, қыруар мал-жандарын, өмір бойы тірнектеп жинаған дүниелерін қорғап қалуға тырысар ме еді.. Көктемде су ауа-райына қарай құбылмалы болып келеді, күн жылына түскен сайын өзен арнасы толып жағалаудан шығып ,барлық аймақты су ала бастайды.Осы жылы тіркелген су апаты бұрынғыларға қарағанда өзгеше. Ғалымдардың айтуынша мұндай тасқын соңғы 15-20 жылда болмаған. Сондықтан сақтық шаралары да уақытылы жүргізіліп үлгермей қалды деседі. Қыс айының бас кезінде жауын -шашынның көп түсуінен немесе қардың күрт еруінен туындайтын судың нәтижесінде ,тасқын апат пайда болып,өзендер мен көлдердегі су деңгейі мөлшерінен артық көтерілуінен пайда болған. Су басу қаупі туған сәттен : электр қуаттарын өшіру;бағалы заттарды шығару;есіктер мен терезелерді жабу; балаларды қауіпсіз жерге орналастыру сынды шараларды орындауға тиіспіз. Сонымен қатар осы жаз айы су қоймаларында демалушы адамдар үшінде өте қауіпті болмақ. Осы жыл бойы су қоймаларында 1068 адам қатерге,оның ішінде 816 құтқарылып,252 адам қаза тапқан.2010 жылмен салыстырғанда 284,яғни 32 адамға көбейген. Олардың 143 шомылу уақыты басталғаннан бері болса, 252 суға кеткендердің ішінде 2 адам Алматы мен Астана қалалары мен Қарағанды облысының суда құтқару қызметінің орналасу аймағында болған. Тағы бір алаңдатарлық мәселе,су тасқыны аяқталғаннан соң жер бетінде инфекциялар мен аурулар көбейе түсу қаупі. Оның себебі ағынды сулар су қоймаларына қосылып,суды ластайды, ал адамдар сол суды ішіп ,тамақ жасау үшін пайдаланады. Эпидемиолог мамандар көктем мерзімінде күнделікті тұрмыста тек қайнатылған немесе фильтрден өткен суды жаратуға кеңес береді. Тасқыннан келер зиян көп. Ең жаманы ол адам өмірінде жалмап жатады. Бұл жоғарыда айтып кеткенімдей су тасқынының бүгінгі күнгі сипаты. Қазіргі таңда осы табиғи апатпен күресіп жатқан жерлестерге үлкен сабыр мен шыдамдылық тілейміз!



Аякөз Досымханова

ҚазҰУ 3-курс студенті


Жетекшісі:

Н.Б. Рушанова, аға оқытушы

0
0
313

Еще по теме

Су тасқынының себеп-салдары - Yvision.kz