ҰСТАЗЫМЕН АРНАЙЫ ЖОЛЫҒЫП, ПІКІР АЛМАСТЫ
Бүгін «NurOtan» партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісіне кандидат Ержан Құдайберген Төлепұлы Шардара ауданында еңбек ардагерлерімен, көп балалы отбасылармен кездесу өткізді. Осы кездесулер барысында өзінің ұстазы, ауданның құрметті азаматы, энергетика саласының ардагері, «Шардара су электр стансасы» АҚ-ын ұзақ жылдар жемісті басқарған Ыбырай Сахов ағамыздың шаңырағына арнайы ат басын бұрды.
–Ыбырай ағамды өзім ұстаз санаймын. Бұл кісіден әлі де үйренерім көп. Жұмыстағы жауапкершілікті, ұжымдағы қарым-қатынасты жолға қоюды, көпшілікпен қалай жұмыс істеуді осы ағаларымнан үйрендім. «Шардара СЭС» АҚ-ын басқарған кезімде білмеген жайттар болса ағаммен ақылдасып отырдым.
Жалпы, біз ағаның алдын кеспеген халықпыз. Қазақы құндылығымызды сақтаймыз десек, ол кісілердің іс-әрекетінен ғибрат алуымыз керек. Бұл әсіресе өскелең ұрпақ үшін тәлім болмақ,-дейді Қ.Ержан.
«Nur Otan» партиясы Шардара аудандық филиалының баспасөз қызметі.
