Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ҰСТАЗДАР МЕН ДӘРІГЕРЛЕР "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

ҰСТАЗДАР МЕН ДӘРІГЕРЛЕР "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін, 2020 жылдың 21 желтоқсан күні ZOOM платформасында Батыс Қазақстан облыстық мәслихаты депутаттығына үміткерлер - Қамидолла Ирменов пен Софья Ізмұханбетова денсаулық сақтау саласы және білім саласы ұжымымен онлайн кездесу өткізді.

Онлайн кездесуге 50-ден астам қызметкер қатысты.

Алғаш болып сөз алған Жоғары медициналық колледжінің директоры - Қамидолла Ирменов өз сөзінде "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында көзделген дәрігерлер мен мұғалімдердің жалақысына берілетін басымдықтарға тоқталды. Сонымен қатар, пандемия кезінде еңбек адамының, еңбек ұжымының ұстану керек шаралары туралы ақпараттарды ортаға салды. Еліміздегі төтенше жағдай кезінде партияның атқарған игі іс-шараларын, қайырымдылық топтарға көрсеткен қолдауларын тілге тиек етіп, сайлауда партияға дауыс беруге шақырды.

"Өрлеу" біліктілікті арттыру орталығының директоры - Софья Ізмұханбетова, қоғам белсендісі, ұлт жанашыры, болашақ депутат ретінде өзінің сайлауалды бағдарламасы туралы айтты. Сонымен қатар, сайлаушыларға "Nur Otan" партиясының дәрігерлер мен ұстаздарға ерекше көңіл бөлетіндігін жеткізе отырып, сайлау науқанына белсенді ат салысуға шақырды.

0
0
122

Еще по теме

ҰСТАЗДАР МЕН ДӘРІГЕРЛЕР "NUR OTAN" ПАРТИЯСЫНЫҢ ҮМІТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz