ҰСТАЗДАР АСЫЛ ЖАНДАР
Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Барша қазақстандықтар үшін Тәуелсіздіктің мәні де, маңызы да айрықша. Бүгін еліміздің мерейлі мерекесі аясында ауданымыздағы ұлағатты ұстаздар қауымымен кездесу өтті.
Мерекелік басқосуда «Nur Otan» партиясы Отырар аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, сайлауалды штабтың төрағасы А.Құрман ауданымыздың білім саласында еселі еңбек етіп келе жатқан мұғалімдерді мерекемен құттықтап, шәкірт тәрбиелеу ісіндегі өлшеусіз жұмыстарына шынайы ризашылығын білдірді.
Кездесу барысында ұстаздар еліміздің кемел келешегі жолында жұмыс жасап, халықтың тұрмысын жақсартуды мұрат еткен «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелеріне ыстық ықласқа толы ізгі тілектерін айтты.
Жиында А.Құрман ұлағатты жандарды ел егемендігінің 29 жылдық мерейлі мерекесі аясында арнайы алғыс хаттармен марапаттап, құрмет көрсетті.
