ҰСТАЗБЕН КЕЗДЕСУ
18 желтоқсан 2020 жылы ардагер ұстаз Буянова Любовь Владимировна үйіне барып кездесу өткіздік. Маңғыстау облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер Ешманов К.Ж., Мендыгалиева Л.И. және Ақтау қаласының маслихатына үміткер Е.Сыражан болды. «Nur Otan»партиясының сайлауалды бағдарламаларын таныстырдық.
Буянова Любовь Владимировна, 1946-жылы с. Машково Новосибирск облысында дүниеге келген.
1964 жылы Әзірбайжан мемлекеттік педагогикалық институтын бітірген.
1968 жылы Жетібай ауылының №7 орта мектебінде жұмыс бастап, 13 жыл болған. . Шевченко қаласына көшіп келген бойда, 1981жылдан бері №14 орта мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып 2015жылға дейін еңбек етті.
«Еңбек ардагері » (1991ж.) «Білім саласының үздігі» (1997ж.). марапаттарын алды.
Любовь Владимировна барлық қамқоршы достарына алғысын айта отырып, өзі Nur Otan партиясына дауыс беруге барам деді. Қарапайым ұстаз тілегі қабыл болсын!
Nur Otan алға!
Киікбай Жақыпұлы
