Стартап
Соңғы кездері менен стартап жолына қалай келдің, кім, не себепші болды деп сұрақтарды жиі қойып жатады. Ендеше, стартап жолына қалай келгенімді айтайын. 12 жасымнан бері неге екенін білмеймін, ақ хакер болғым келетін. Сол қызығушылығымның себебінен, осыдан 4 жыл бұрын, яғни мен 15 жаста болғанымда, стартап туралы бір корей сериалын қарадым. Сериалдың аты “Богатый мужчина, бедная женщина”. Сериалда стартап проекттер туралы көрсетті. Әдемі офистің ішін көріп, таң қалдым, әлі күнге дейін сол офистің іші көз алдымнан кетпейді. Сондай офисім болса ғой деп армандап келемін. Содан кейін қызығушылығым одан сайын арта түсті. Басқа да стартап туралы сериалдар мен фильмдерді қарап бастадым. IT мен бизнес саласындағы кумирлерім пайда бола бастады. Стартап проектке идея ойлап табу онша қиын емес. Ол туралы келесі жазбамда оқи аласыздар.
