"STAND UP" ӘЗІЛ КЕШІ ӨТТІ
"STAND UP" ӘЗІЛ КЕШІ ӨТТІ
“Жаңаөзен қалалық жастар ресурстық орталығы” және "Jas Otan" жастар қанатымен бірлесе отырып, "Bir jer” антикафеде студенттер күніне орай, қала жастары мен еріктілері үшін Stand Up кешiн ұйымдастырды.
Өткен іс-шараға қаламыздың әзілге жақын және өнерлі жастары шақырылып, көрермендерге керемет кеш сыйлады.
Кеш соңында Нұрбай Атамұраттың әсем әуенімен аяқталып, жастарымызға дастархан жайылып, алғыс хаттармен марапатталды.
