СПОРТ САЛАСЫНДАҒЫ БЕЛСЕНДІЛЕР
15-ші тамыз күні "Ойыл аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде" "Спорт күні" мерекесіне орай "Nur Otan" партиясы Ойыл аудандық филиалының бірінші орынбасары С.Займолдин спорт күні мерекесімен құттықтай отырып "Nur Otan" партиясының бағдарламалық мақсаттары мен жобаларын іске асуына және спорт саласының өркендеуі жолында адал қызмет етіп, ауданымыздың спорт саласының дамуына ұзақ жылдар бойы белсенді қосқан үлесі үшін Қ.Даулетқалиев, Р.Кульмаметова, Н.Мұқашев, Б.Мұқайұлына ризашылығын білдіріп, зор денсаулық, отбастарына амандық, ұзақ ғұмыр, адал қызметінің зейнетін көруді тілеп Алғыс хатпен марапаттады.
