СПОРТ ӨКІЛДЕРІМЕН КЕЗДЕСУ
Бүгін Халықтық коалиция атынан Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб мүшелері С.Бисенғалиев пен Е.Хұсайнов аудан орталығы Чапаев ауылында спорт өкілдерімен кездесті.
Ең алғаш сөз алған штаб мүшесі С.Бисенғалиев: «Соңғы үш жарым жылда Қазақстан ауыр сын-қатерлермен бетпе-бет келді. Пандемия, қасіретті қаңтар оқиғасы, бүгінгі геосаяси ахуал еліміздің дамуына өз салдарын тигізді. Соған қарамастан біз Тәуелсіздігімізді сақтап, мемлекеттілігімізді нығайтып, бірлігімізді арттыра түстік. Қазіргі таңда еліміз жаңа Әділетті Қазақстан құру жолындағы тарихи кезеңге қадам басып отыр», – деп, кездесуге қатысушыларға Қ.К.Тоқаевтың саяси реформалары жөнінде толығырақ тоқталды.
Штаб мүшесі С.Бисенғалиевтен кейін сөз алған штаб мүшесі Е.Хұсайнов «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды тұғырнаманы таныстырды.
Кездесу соңында штаб мүшелері Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.
#Toqaev2022
