Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ.

Спорттың адам өмірінде алатын орны зор екендігін бәріміз білеміз. Спортпен айналысқан адамның денсаулығы мықты, өзі шыдамды болады. Біздің ата - бабаларымыз “тәні саудың – жаны сау” - деп бекер айтпаған. Спорттың қай түрімен айналысу адамның қабілетіне байланысты болады.

Спортпен тек спортшылар айналысу керек деген қағида жоқ. Себебі денсаулығын ойлайтын, шымыр болғысы келетін адамдар спортты серік еткені абзал. Денені аз қозғалту, күнделікті жүгірмеу, гимнастика жасамау, бір сөзбен айтқанда, қозғалыссыз жүретін адамдар аз өмір сүретінін ғалымдарда дәлелдеген. Мәселен, спортпен аз шұғылдану май басу, гипертония, диабет, тіпті рак ауруына шалдығуы мүмкін.

Ауданда спорт саласы дамып келеді. Спорт алаңдарының саны да жыл санап артып келеді. Солардың ішінде, бірегей аудан халқы көптен күткен "AMANAT" партиясының сайлауалды бағдарламасына енген нысан дене-шынықтыру сауықтыру кешені. Аудан орталығында бой көтерген спорт кешені 2021 жылдың қаңтар айында ресми түрде ашылды.

Қазіргі күні кешенде түрлі негізде үйірмелер ашылып, халықтың спортпен айналысатын орнына айналды. Бұл туралы халықтық коалиция атынан ұсынылған кандидат "Әділетті Қазақстан: бәріміз және әрқайсысымыз үшін. Қазір және әрдайым" атты сайлауалды бағдарламасынан да көрініс тапқан.

Денсаулығы күшті, бойында қуат күші мол шымыр - шыныққан, жан - жақты дамыған адам Отаншыл келеді, Ата - баба аманаттан қалдырған байтақ жерді қорғауға қабілетті келеді.

Қандай спорт түрі болмасын, халқымыз қайсарлық пен жігерлігімен көзге түсіп, сан сайыста жеңіс тұғырынан көрініп келуде. Еліміздің көк байрағын желбіретіп, әнұранымызды өзге ұлт өкілдеріне тыңдатқан спортшыларымыздың есімдерін біліп, оларды ылғи да мақтан тұтамыз.

#Toqaev2022

0
0
135

Еще по теме

СПОРТ - ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ. - Yvision.kz