СПОРТ ДЕНСАУЛЫҚ КЕПІЛІ
Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Жаңаөзен қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен шахматтан қалалық турнир өтті.
Спорттың ос түрін серік еткен турнирге қатысушылар, бір-біріне дес бермей ойынды қыздыра түсті.
Жарыстың қорытындысы бойынша ерлер арасында 1-орынды Еркебулан Утепов, ал әйелдер арасында жүлделі орынның төрінен Жансая Исакова иеленді. Жеңіске жеткен жеңімпаздарға грамоталар мен медальдар табысталды.
