Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СОЗАҚ ЖАСТАРЫ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

СОЗАҚ ЖАСТАРЫ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ

Ана – бақыт, ана - өмір, ана – гүл. Әлем болып тойлайтын Халықаралық мерекеде Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің «Жастар Ресурстық» орталығының ұйымдастыруымен «Созақ жастары» ҚБ және ерікті жастар бірлесіп аналарға сый-сыйапат жасады.

Асыл аналарды келе жатқан әйелдер мерекесімен аудан жастары атынан «Жастар Ресурстық» орталығының директоры Жеңісәлі Төлепбергенов бастап құттықтады.

Бүгінгі күні әйелдер Қазақстанның қоғамдық өміріне белсенді араласуда, ең алдымен ол – қамқор ана, сүйікті әйел, өмірге махаббат пен сұлулыққа алып келетін отбасы ошағын сақтаушы.

Әйелдер қауымына арналған айтулы мерекеде жалғыз басты аналар мен қатар комуналдық сала қызметкерлері де назардан тыс қалмады.

Әсіресе, көше тазалығы үшін жұмыс жасап жүрген «Созақ сәулет» комуналдық сала қызметкерлері аудан жастарының құттықтауын ыстық, ықыласпен қабылдады. «Созақ сәулет» комуналдық мекемесінің басшысы Берік Әлтековте қызметкерлерінің жанында жүр. Әйелдер мерекесінде гүл шоқтарымен арнайы сый-сыйапатпен барған жастарды көріп алғыстарын жеткізді.

Көктемнің жылы лебі сезіліп, күннің шуағында отқан жалғыз басты аналар белсенді жастарды көріп, жүздеріне күлкі үйірілді. «Орамал тон болмайды, жол болады» - деп барлық аналарға орамал жауып мерекесімен құттықтады. Өз кезегінде аналар жастарға ақ жол тілеп, ақ батасын жаудырды.

0
0
207

Еще по теме

СОЗАҚ ЖАСТАРЫ АҚ ЖАУЛЫҚТЫ АНАЛАРДЫ ҚҰТТЫҚТАДЫ - Yvision.kz