Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СОЗАҚТА САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ

Бүгін «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы жанынан құрылған сайлауалды штабтың ашылуы өтті.Аудандық партия филиалы ғимаратында өткен сайлауалды штабтың алғашқы отырысында «Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, өңірлік сайлауалды штабының басшысы Әлжанов Ролан Ізбасарұлы штаб мүшелеріне алдағы атқарылар жұмыстардың жай-жапсары жөнінде жан-жақты түсіндіріп, бағыт-бағдарлар берді. Штаб отырысында штаб мүшелері бірауыздан «Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» ұраны аясында партияның бірнеше бағыттардан тұратын аймақтық сайлауалды бағдарламасы бойынша жұмыстар жасайтын болады. Алдағы күндерде штаб мүшелері аудан жұртшылығына партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттау, түсіндіру жұмыстары негізінде жұмыстар атқаратын болады.

«Nur Otan» партиясы Созақ аудандық филиалының баспасөз қызметі

0
0
126

Еще по теме

СОЗАҚТА САЙЛАУАЛДЫ ШТАБ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ - Yvision.kz