СОЗАҚ АУЫЛЫНДАҒЫ КЕЗДЕСУ
Созақ аумақтық сайлау комиссиясы бекіткен кестеге сәйкес, нақтыланған кездесу орындарына сайлаушылармен кездесулер жалғасуда. Жұма күні "Nur Otan"," Aq jol", "Ауыл" партияларынан мәслихаттарға ұсынылған үміткерлер мен сенімді өкілдер Созақ ауылы тұрғындармен кездесу өткізді. "Nur Otan" үміткері Бегімбет Байғараев еліміздегі жетекші партия басшылығымен атқарылған жұмыстар, жеткен жетістіктер мен бағындырған белестер жайлы атап өтті, аудан, облыс, республика сайлауалды бағдарламаларда алға қойылған мақсаттар мен межелерді кеңінен баяндады. Тұрғындар М.Жақсыбаев, Ә.Ижанов, А.Төлепов, т.б. сұрақтарына жауап беріліп, ұсыныс-пікірлер назарға алынды
