Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СОШ 7

2015 жылдың 25 қыркүйек күні №7 жалпы білім беретін мектебінде 10 сынып оқушыларына «Жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді. Сабаққа 25 адам қатысты.

Сабақ өзін-өзі тану бағытында, яғни сыныптастарын жемқорлықтың қоғамда пайда болуы және оның басқа елдерде орын алуы туралы таныстыру бағытында өткізілді. Осы айтылғандар бойынша оқушылар, жемқорлықтың тиімді алдын-алу тек билік пен қоғам арасындағы іс-әрекетпен ғана шектелмей сонымен қатар ең бастысы әр адамның өзіне байланысты деген қорытындыға келді.

Шараның өту барысында жоғарғы сынып оқушыларына тақырыптық видеороликтер көрсетіліп, кейін оқушылар көрсетілімді қортындылай келе, жемқорлық, парақорлыққа қоғамға қауіпті дерт екендігін айтты.

   

 
0
0
249

Еще по теме