Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

СОЛТҮСТІККЕ БАРҒАН БАЛАНЫ НЕ КҮТІП ТҰР?

 

Елімізде маусым айынан бастап, «Мәңгілік ел жастары – индустрияға» атты мемлекеттік бағдарлама жүзеге асырыла бастаған. Бұл оңтүстік облыстардың жастарын еліміздің солтүстік, батыс және шығыс аймақтарында білім алуына мүмкіндік беретін бағдарлама.

«Өрлеу» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Мұрат Әбенов бұл жоба бойынша, мектеп бітірген түлектердің солтүстік өңірлерде білім алуына мүмкіндік беріледі деген еді. «Маңғыстау, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл өңірлерінде демографиялық көрсеткіш жоғары, алайда жұмыс орындары тапшы. Павлодар, Шығыс Қазақстан сияқты аймақтарда керісінше, зауыт, фабрикалар көптеп салынып жатқанымен, жұмыс күші жетіспейді. Бағдарлама осы олқылықтың орнын толтырады» деген еді Мұрат Әбенов.

Осы мақсатта жеті жоғары оқу орны 1000 грант, ал 23 колледж 1000 грант бөлген. ҰБТ-дан төмен балл жинап, тегін оқу мүмкін­ші­лігінен қағылған талапкерлердің бұл гранттарға ие болуға мүмкіндіктері бар. Республикалық үйлестіру кеңесі 22 шілдеге дейін тиісті құ­жаттарын өткізген балалардың грант иеле­нетіндігін де айтқан еді. Бұл мектепті биыл бітірген түлектерге ғана қатысты болған жоқ. Бұрынырақ мектеп бітірген түлектердің де құжат тапсыруына болады деген еді. Тіпті, грант иегерлерінің өзі таңдаған қалаға пойыз­бен қатынауы үшін де жолақысы төленеді де­лінген. Сондай-ақ грант иегерінің жатақ­хана­мен және ас-ауқатпен қамтамасыз етілетінін де мәлім еткен еді. Оқу бітірген баланың сол аймақта қалуына да болады. (жалғасы мұнда: mtdi.kz)


0
0
183

Еще по теме

СОЛТҮСТІККЕ БАРҒАН БАЛАНЫ НЕ КҮТІП ТҰР? - Yvision.kz