Сол
Таныстығымызбен, достығымыздың реңі нәресте шағынан өз бетімен жүре алатын, тілі шығып, айналасындағы жандарды танитын жағдайға жетті.
Мен, жердің бір түбінен, асқар таулардың, бұрхан шөлдердің арғы жағынан тағдыр айдап, бүгінде дәл сол кісімен бірге оқып, алдында осы сипаттауымды оқып отырған жайым бар. 900 күннің тарабында өткен айлы-түнді жолдастығымыз енді құрылып, қанат қағып келе жатқан жас елдей, көбісі танымаса да, танытамыз деген мақсатпен нығайтумен келеміз. Мінезі – Астанадың ауа-райындай ауыспалы. Көңілі- солтүстіктің самал желіндей, таза да, суықта жылы, ыстықта жаныңды жай тапқызардай. Істеген ісі- өлкеміздің топырағындай құнарлы. Езуінен кейде бізде өсетін бидай сықылды сап-сары, әрі қарай оны бақылап, баптасаң - мөлшерсіз тойдырып, керек десең, қалған жандармен бөлісуге болады. Өйткені барлығына жетеді. Аязды күндері тоңбайтын, қаһарына мінген бұлттардан қорықпайтын- төзімшіл, елге, жерге, ұлтқа деген ерекше ынтықтығы барын байқауға бірден болады.
