ШЫМКЕНТТЕ ТОП-10 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАР ІСКЕ АСАДЫ
БІРІНШІ - «Шымкент Сити» аумағынан Оңтүстік Кореялық инвесторлардың қатысуымен «Highvill Kazakhstan» компаниясының көпқабатты тұрғын үйлер кешені. Инвестиция көлемі 387 млрд. теңге.
ЕКІНШІ - «Университетская клиника» ЖШС-ның 1000 орындық университет клиникасы мен ауысымына 700 адам қабылдайтын емхана құрылысы. 2023 жылы іске асырылып, 120,3 млрд. теңгеге инвестиция тартылады.
ҮШІНШІ - «Шымкентская химическая компания» ЖШС-ның метил-трет-бутил эфирі мен ұнтақ пропилен өндіру зауыты құрылысының бірінші жобасы 2021 жылы 2-тоқсанында іске асырылып, жаңа 150 жұмыс орындарымен, қалаға 11 млрд. теңгеге инвестиция тартылады.
ТӨРТІНШІ - «KazAlPack» ЖШС-ның алюминий ыдыс өндірісі. 2021 жылдың 4-тоқсанында іске асырылатын жобаға 19,7 млрд. теңге инвестиция тартып, 157 жаңа жұмыс орнымен қамтылады.
БЕСІНШІ - қытайлық инвесторлардың қатысуымен құны 18,2 млрд. теңгеге тең, жаңа 250 жұмыс орындарымен қамтитын металлургиялық зауыты. Зауыттың толық іске қосылуы 2021 жылдың 1-тоқсанына жоспарланған.
АЛТЫНШЫ - «SCAT «ӘК» АҚ-ның халықаралық әуежайдың жаңа жолаушылар терминал құрылысының жобасы 2021 жылдың 4-тоқсанында іске асырылып, 16,7 млрд. теңгеге инвестиция тартылады. 100 жаңа жұмыс орын қамтылады.
ЖЕТІНШІ - «Asia trafo» ЖШС-ның қуаттылығы 220, 500 кВ құрайтын трансформатор зауыты. Жоба 2022 жылы іске асырылып, жаңа 250 жұмыс орындарымен, қала экономикасына 18,0 млрд. теңгеге инвестиция тартылады.
СЕГІЗІНШІ - «Standart Steel» ЖШС-ның түсті металл концентратын алу үшін қалдықтарды қайта өңдеу зауыты. 8,5 млрд.теңгеге инвестиция тартылып, 400 жаңа жұмыс орны құрылады.
ТОҒЫЗЫНШЫ - «ONGUD GROUP CO.LTD» ЖШС-ның теріден аяқ киім және басқа да бұйымдар өндірісінің жобасы 2023 жылы іске асырылады. Жобаның құны 3,8 млрд. теңге, жаңа жұмыс орындарының саны – 200.
ОНЫНШЫ - Өзбек инвесторымен бірлескен «Dentafill Kazakhstan» ЖШС-нің дәрі-дәрмек және гигиеналық құралдардың өндірісі. 2,5 млрд. теңгені құрайтын жоба 2021 ж. 3-тоқсанында жүзеге асырылып, жаңа 90 жұмыс орындарымен қамтылады.
Қосымша сұрақтар бойынша: 109
