Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШЫМКЕНТТЕ ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЖОБА ЖҰМЫС БАСТАДЫ

Тұңғыш рет Шымкент қаласы әкімдігінің жанынан жаңа мемлекеттік қызмет көрсету орталығы – фронт-офис - ашылды. Қаладағы Т. Рысқұлов көшесі, №8а мекен-жайында орналасқан бұл офис бүгінде ТМД-дағы теңдесі жоқ жоба болып отыр. Мұнда қалалық әкімдік тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің барлық түрін бір жерден «бір терезе» жүйесі арқылы ұсынады.

Тұсаукесер шараға облыс әкімі Жансейіт Түймебаев пен қала басшысы Ғабидолла Әбдірахымов қатысты.

Сала жауаптыларының айтуынша мемлекеттік қызмет көрсетудің бұл түрі бизнес жүйесінің өкілдеріне сенім береді дейді.

«Фронт-офис» жүйесі өтініш иесінің құжаттарын қабылдау кезінде арнайы бақылау коды арқылы беріліп, тіркеуге алынған құжат штрих код арқылы әкімдіктің тиісті бөліміне жөнелтіледі. Өтініш қысқа мерзімде қаралған соң, жауабы «фронт-офиске» бағытталып, тұрғындарға беріледі немесе өтініш иесінің электронды мекен-жайына жіберіледі. Сондай-ақ өтініш иелері бақылау коды арқылы өтініштің қаралу барысы жөнінде мәлімет алуға мүмкіндігі бар.

shymkent.gov.kz

0
0
458

Еще по теме

ШЫМКЕНТТЕ ТМД-ДА ТЕҢДЕСІ ЖОҚ ЖОБА ЖҰМЫС БАСТАДЫ - Yvision.kz