ШЫМКЕНТТЕ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСТЫҢ ОТЫРЫСЫ ӨТТІ
Оқушылар сарайының конференц-залында өткен шараға карантиндік шектеулдердің қатаң сақтай отырып, оқушылар мен ұстаздар қауымы қатысты.
Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының елдегі барлық білім беру мекемелерінде кәсіпкерлік негіздері пәнінің оқытылуын тапсырған болатын. Бұл қазіргі таңда жастар үшін кәсіпкерліктің маңызын білдіреді. Жиында балаларға арналған ауқымды төрт жобаның негізін қалаушы Гульнара Каримова да Президент тапсырмасының маңызын айта келе, қазақстандық балалардың ерекше дарындылғы жайлы сөз етті.
Одан әрі жиында Оқушылар сарайының директоры Бақытжан Нұрғазыұлы баланың тұлға болып қалыптасуында оның ерекше дарынын байқап, дамытудың маңызы жайлы әңгімеледі. Директор балада білімге, спортқа, өнерге және кәсіп не көшбасшылық сынды белгілі бір салаға туа біткен бейімі болатынын айтты. Оны ашу үшін балаларды үйірмелер мекемесіне әкеліп, таныстыру қажет. Не кішкентай кезінен бақылап, сол дарынына қарай бағыт-бағдар беру керек. Мысал үшін, көшбасшылыққа бейім жеткіншек әркез ұйымдастырушылық қасиетімен ерекшеленетін болады. Ал спортқа бейімі бар жастар қайсар әрі жауапты мінезімен көзге түседі. Егер осы қасиетін дер кезінде ашып, баланы дұрыс бағытқа бұрса ертең оның болашағы жарқын болмақ. Ал қолы бос қалған жастар көп жағдайда теріс мінез-құлық көрсетуге бейім. Сол себепті жастардың уақытын пайдалы дүниелермен толтыру керек деп ойлайды оқушылар сарайының директоры.
