Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШЫМКЕНТТЕ 1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ЖАҢА АВТОБУСТАР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ

Қала әкімі Мұрат Әйтенов қалаға жаңа автобустарды көру үшін «T-bus» автопаркіне барды. Мұндағы барлық автобустар бейнекамера, желдеткіш, хабарлама жариялауға арналған микрофондармен жабдықталған. Сонымен қатар, автобустарда пандус мен мүгедектердің арбаларын орналастыратын орындар да қарастырылған.

Компания қоғамдық көліктерде метан-газын пайдалануда үлкен тәжірибеге ие. Маршруттарға үздіксіз қызмет көрсету үшін өндірістік-техникалық базасы мен автоматтандырылған газ толтыру станциясы бар.

1 желтоқсаннан бастап 150 автобус қаланың шалғай аудандарын орталықпен байланыстыратын №103, 27, 35, 84, 135, 92, 74, 12 маршруттарында қызмет көрсетеді.

Айта кетейік, шаһарда жолаушыларды тасымалдауды дамытудың 2018-2020 жылдарға арналған кешенді бағдарламасы негізінде қала әкімдігі тарапынан былтыр 300 автобус сатып алынған болатын. Қазіргі таңда бұл автобустар халықтың игілігіне қызмет көрсетіп отыр.

0
0
112

Еще по теме

ШЫМКЕНТТЕ 1 ЖЕЛТОҚСАННАН БАСТАП ЖАҢА АВТОБУСТАР ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТЕДІ - Yvision.kz