ШЫМКЕНТЕГІ БІРҚАТАР БАЗАРДА САНИТАРЛЫҚ ТАЛАПТАР САҚТАЛМАҒАН
Еңбекші ауданына қарасты «Көктем» және «Айна» азық-түлік базарларын тексерген кезде екеуіне ортақ кемшіліктердің беті ашылды. Атап айтқанда, сатушылар бетперде не қолғап кимесе, сонымен қатар сатып алушылар тарапынан арақашықтықты сақтамау байқалды. Сонымен қатар дүкеннің кіре берісінде арнайы санитарлық кілемшелердің де болмауы анықталып отыр.
Айта кетейік, мониторингтік топ апта сайын карантин жағдайында азық-түлік базарларында санитарлық талаптардың сақталуын қадағалайды. Бүгін көптеген сатушылар ескертумен құтылды. Арақашықтықты сақтау өз алдына, сатушылар мен клиенттер бетпердені дұрыс кимейді.
Рейд қорытындысында «Айна» «Көктем» базарының әкімшілігіне тіркелген кемшіліктерді 3 күн ішінде ретке келтуру керектігі ескертілді.
