«SHYMKENT QUS» ЖШС-НІҢ ЖҰМЫСШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ.
Осы орайда, Шымкент қалалық мәслихаты депутаттығына үміткер Ермағанбет Қуатбаев, Төреайым Сұлтанова, бірге "Shymkent qus" ЖШС-нің жұмысшыларымен кездесті. Кездесу барысында жұмысшыларға "Nur Otan" партиясының республикалық және қалалық бағдарламасын таныстырдық. Бағдарламамен танысқан жұмысшылар өздерін мазалап жүрген бірқатар мәселелермен бөлісті. Жұмысшылардың басым бөлігі тұрғын үй мәселесі бойынша сұрақтарын қойды.
Жұмысшылардың мәселелері партия назарына алынып, шешу жолында жұмыстар атқарылатынын жеткіздік.
Айта кетейін, кәсіпорында 300-ден астам қызметкер жұмыс істейді. Күніне 250 мың дана жұмыртқа өндіретін бұл кәсіпорын өзінің жұмысын 2006 жылы бастаған.
Фабриканың негізгі бағыты – тауық жұмыртқасын және тауық етін өндіру болып табылады.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
«Nur Otan» – нақты істер партиясы!
«Nur Otan» – жарқын жетістіктер партиясы!
