Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ МАСЛИХАТЫ ДЕПУТТАТЫҒЫНА ҮМІТКЕРЛЕР ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ МАМАНДАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасымен және партияның алдағы бес жылдық жұмыс жоспарын ұжымға таныстырды. Атаулы жиында әсіресе алдағы уақытта медицина саласында жасалатын жұмыстар мен тың өзгертер сөз болды. Бұл өз кезегінде жиналған көпшіліктің көңілінен шығып, алдағы сайлауға қатысатындықтарын жеткізді.

Қаладағы үгіт – насихат жұмыстары партияның 2025 жылға дейінгі «Өзгерістер жолы: әр азаматқа лайықты өмір!» сайлауалды бағдарламасы – негізінде жүзеге асады. Партияның XX съезінде Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев айтқандай, «Партия қоғамнан келіп түскен барлық ұсыныстарды ескерді. Осы орайда, біздің бағдарламаны бүкіл ел дайындады деп айтуға болады!».

0
0
121

Еще по теме