«ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК БІЛІМДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ»
Сәуірдің 2021 жылдың 8-9 сәуір күндері оқушылардың робототехника, бағдарламалау, және үшөлшемді компьютерлік модельдеу технологиясын меңгеру және қолдану саласындағы шығармашылық интеллектуалдық қабілеттерін қалыптастыру мақсатында ШҚО білім басқармасының «ШЫҒЫС ҚАЗАҚСТАН ӨҢІРЛІК БІЛІМДЕГІ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР ОРТАЛЫҒЫ» КММ-ң ұйымдастыруымен «SKILLS FOR GEEKS» чемпионатының облыстық кезеңі «ZOOM» бағдарламасы арқылы өткізілді. Чемпионатқа ауданымыздан 12 оқушы қатысып, М. Әуезов атындағы орта мектебінің 9 сынып оқушысы Болатбеков Мирас Робототехника бағыты «Танк биатлоны» 14+ жасерекшелігі бойынша жүлделі ІІ орынды иеленді.
Жетекшісі – Сапаргалиева Бакытгуль Кизатовна, информатика пәнінің мұғалімі.
