ҮШТЕРЕКТЕГІ САЙЛАУШЫЛАРМЕН КЕЗДЕСУ
Халықтық коалиция атынан ұсынылған Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың аудандық штабының мүшелері И.Құрмашев, Қ.Елемесов, Б.Жұмағұлова Кеңой ауылындағы сайлаушылармен кездесіп, ҚР Президенттігіне үміткер Қасым-Жомарт Кемелұлының "ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН: БӘРІМІЗ ЖӘНЕ ӘРҚАЙСЫМЫЗ ҮШІН. ҚАЗІР ЖӘНЕ ӘРДАЙЫМ" атты 7 жылдық сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Бағдарламада көзделген:
• Ауылды жедел дамытуға басымдық береміз.
• Ауылдық аумақтарды дамыту тұжырымдамасын әзірлейміз.
• 1 миллионнан астам ауыл тұрғынын қамтитын ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытуға 1 трлн теңге бөлеміз.
• Ауыл шаруашылығы техникасын лизингке алу, шағын несие алу және ірі қаладағы өткізу нарығына қол жеткізу үшін жеңілдіктер береміз;
• Кооперативтік кәсіпкерлікке барлық жеке қосалқы шаруашылықтың жартысын тартамыз, нәтижесінде ауыл шаруашылығында 350 мыңнан астам сапалы жұмыс орны пайда болады.
• Суару алаңын екі есе арттырып, оны кемінде 2,2 млн гектарға дейін жеткіземіз.
• 3,5 мың шақырым суару каналдарын қайта жөндейміз.
• 4 текше шақырым суды жинақтауға мүмкіндік беретін жаңа 25 су қоймасын саламыз, қолданыстағы 16 су қоймасын жөндеуден өткіземіз.
деген бағыттарға тоқталып, тұрғындардың сайлауға қатысты сұрақтарына жауап беріп, 20 қарашада өз сайлау учаскелерін табылуға шақырды .
#Toqaev2022
