ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ЖЕТІСАЙЛЫҚТАРМЕН ЖҮЗДЕСТІ
Қазақстан Республикасының Президенттігіне жалпыхалықтық коалиция атынан ұсынылған кандидат Қасым-Жомарт Тоқаевты қолдау жөніндегі Түркістан оюлыстық штаб мүшелері, облыстық мәслихат депутаттары Нұралы Әбішев пен Тимур Қырықбаев, Жетісай аудандық қоғамдық штаб төрағасы Әділхан Асауов пен штаб мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары Марат Қалдыбаев мен Асқар Қайназаров, Эльмира Темірбаева мен Хадиша Қожбанова Жетісай қаласындағы «Ш.Уәлиханов» жалпы орта мектебінде сайлаушылармен кездесті. Үміткердің сайлауалды бағдарламасымен көпшілікті таныстырған штаб мүшелері қойылған сұрақтарға жауап берді.
Кездесуде мемлекет басшысының бастамасына сәйкес 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап бала күтімі үшін төлемақы төлеу мерзімін сәби бір жарым жасқа толғанға дейін ұзарту, әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушыларға жұмыссыз қалғаны үшін төленетін төлемақы орташа айлық табысының 45 пайызына дейін көбейту және 2023 жылдан бастап Отбасының цифрлық картасы және Әлеуметтік әмиян сияқты тәсілдерді енгізу ұсынғандығын айтылды.
Сәбилердің ата-аналарының жанында көбірек болып, атаулы әлеуметтік көмектің бірыңғай жүйесін құру жолындағы азаматтардың әл-ауқатын жақсарту ісіндегі маңызды қадамдардың бірі болған бастамалардың аясында мемлекеттік қолдаудың түрлі шаралары біріктірілетіні тұрғындар тарапынан үлкен қолдау тапты.
#Сайлау2022
#TOQAEV2022
