Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «ЖӘНІБЕК» БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ

2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспарына сай «AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалында Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, аудандық қоғамдық штабтың мүшесі Есқайыр Илемесов және Жәнібек аудандық қоғамдық штабтың мүшілері Б.Қуанәлиев,Т.Кадимов,Б.Ихсанов, К.Нигметов,Р.Шагирова, «Жәнібек» бала бақша қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде Есқайыр Илемесов өзінің сайлауалды бағдарламасында белгіленген негізгі міндеттер туралы ақпарат беріп, сонымен қатар бүгінгі күнге «AMANAT» партия тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде хабарда етті. Өз кезегінде Біржан Қуаналиев «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар туралы хабардар етіп, алда тұрған міндеттермен таныстырды. Кездесуге қатынасқан бала бақша қызметкерлері өткізілетін сайлау – ел келешегі үшін маңызы зор шара екендігін баса айтып, әр қызметкер сайлауға қатынасып, өз таңдауын жасайтындығын жеткізді.

#AMANAT2023

#ДауысберAmanat2023

#ГолосуйЗаAmanat2023

0
0
162

Еще по теме

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ «ЖӘНІБЕК» БАЛА БАҚША ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ - Yvision.kz