ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ҮШТЕРЕК ОРТА МЕКТЕБІНІҢ ҰЖЫМЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Жиын барысында үміткердің сенімді өкілдері Жылқыбаев Сағындық, Мәсімақынов Сағат, Маметекова Айгерім және Садуова Жарқынай сөз сөйледі. Кездесу барысында Президент Жолдауында айтылған айшықты ойлар мен іске асырылып жатқан байыпты істер нәтижесі жайлы сөз қозғады. Сондай ақ алдағы өтер сайлау науқанында Қ.Тоқаевтың кандидатурасын қолдау жөнінде айтылып, қойылған сауалдарға жауаптар берілді. – Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының игі бастамасына қолдау білдірушілер қатары артып жатқаны қуатты Қазақстаның әділетті қоғам құрудағы жарқын бастамасы. Мұның барлығы ел әлеуетінің артуына тигізер әсері зор, – деді Сағындық Жылқыбаев.
