Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Қ.К.Тоқаевты қолдау жөніндегі аудандық штаб өкілдері Ж.Қажғалиев пен Б.Қоспаев аудан орталығындағы «Жайықтехсервис» МКҚК қызметкерлерімен кездесіп, «Әділетті Қазақстан: Бәріміз және әрбіріміз үшін. Қазір және әрдайым» атты сайлауалды бағдарламамен таныстырды.

Ең бірінші кездесуде сөз алған штаб мүшесі Ж.Қажғалиев: «Соңғы жылдары Ұлттық қордан мемлекеттік бюджетке келетін трансферттер өсімі байқалады. 2013 жылы Жалпы ішкі өнім 3,9%-болса, 2021 жылы 5,5%-ға жетті. Ұлттық қордың активтерін қайта қалпына келтіру үшін 2023 жылдан бастап бюджеттік ереже енгізіледі. Сондай-ақ активтердің төмендетілмейтін қалдығы елдің ЖІӨ-не кемінде 25% деңгейінде болуы керек. Сонымен қатар, Ұлттық қордан кепілдендірілген трансферттің мөлшері кезең-кезеңімен қысқартылатын болады. 2022 жылы 2,4 трлн. теңге болса 2025 жылға дейін ол 1,9 трлн.теңгеге төмендейді. Бұл шаралар болашақта ұлттық қордың активтерін 100 млрд АҚШ долларына дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді.

«Алдағы сайлау – елдің болашағы үшін жасалып отырған маңызды қадам. Сондықтан баршаңызды осы сайлауға қатысуға шақырамын. Қасым-Жомарт Тоқаев – халықшыл адам. Оның нақты дәлелі – бұған дейін қабылданған шешімдер. Азаматтардың әл-ауқатының артуы, ұлттық байлығымыздың елдің мүддесіне жұмсалуы – Қасым-Жомарт Тоқаевтың басты назарында. Ол сайлауалды бағдарламасындағы әр мәселенің жедел жолға қойылуына да мән беріп отыр»,- деді штаб мүшесі Б.Қоспаев.

Кездесу соңында штаб мүшелері барша кездесуге келген ағайынды Қ.К.Тоқаевқа дауыс беруге шақырды.

0
0
180

Еще по теме

ШТАБ МҮШЕЛЕРІ КОММУНАЛДЫҚ МЕКЕМЕ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ - Yvision.kz