ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ЭКСПРОМТ КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауына орай жүргізіліп жатырған сайлау алды үгіт жұмыстары шеңберінде аудандық сайлауалды штабтың мүшелері Б.Қуаналиев , М.Шайдуллин «Бигмарт» сауда супермаркетінде болып, сауда орталығының қызметкерлерімен экспромт-кездесу өткізді. Кездесуде аудандық сайлауалды штабтың мүшелері «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, елімізде атқарылып жатырған жұмыстар туралы хабардар етті. Сонымен қатар, Б.Қуаналиев кездесу барысында қойылған сұрақтарға жауап беріп, алдағы уақытта іске асырылатын жобалар жөнінде мәлімет берді.
#AMANAT2023
#ДауысберAmanat2023
#ГолосуйЗаAmanat2023
