ШТАБ МҮШЕЛЕРІ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛДЕ БАС ҚОСТЫ
мүшелері мен сенімді өкілдері, партия ардагерлері бүгін “Amanat” партиясы Жетісай аудандық филиалының ғимаратында “БІР МАҚСАТ, БІР МҮДДЕ, БІР МЕМЛЕКЕТ” тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.
Аталмыш басқосуда “Amanat” партиясы Жетісай аудандық филиалы атқарушы хатшысы, штаб төрағасы Әділхан Асауов пен партия ардагері, профессор Оңалбай Аяшев үгіт-насихат жұмыстарын сапалы жүргізу, өрт қауіпсіздігі ережелерін толықтай сақтай отырып кездесулер ұйымдастыру, ҚР бекітілген Заңнамалық нормаларды қатаң сақтау секілді мәселелерді пысықтады. Кездесулер кезінде тұрғындардан келіп түскен өтініштер мен ұсыныстарды жауапсыз қалдырмау, әрбір сайлаушының саналы түрде дұрыс таңдау жасауына мүмкіндік беру керек екендігі де назардан тыс қалмады.
Үгіт-насихат жұмыстары кезінде штаб мүшелеріне заң бұзушылықтар анықталған жағдайда дер кезінде құзырлы органдар мен “Amanat” партиясының сайлауалды штабына хабарласу керек екендігін тапсырды.
#Сайлау2022
#TOQAEV2022
