ШТАБ МҮШЕЛЕРІ АУДАНДЫҚ АУРУХАНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСУ ӨТКІЗДІ
2023 жылғы 19 наурызға тағайындалған Қазақстан Республикасы Мәжілісі және мәслихаттар депутаттарының сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың қоса беріліп отырған күнтізбелік жоспарына сай «AMANAT» партиясының Жәнібек аудандық филиалында Батыс Қазақстан облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, аудандық сайлауалды штабтың мүшесі Есқайыр Илемесов және Жәнібек аудандық сайлауалды штабтың мүшелері Біржан Қуанәлиев және Тахир Кадимов аудандық аурухананың қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесуде Есқайыр Илемесов өзінің сайлауалды бағдарламасында белгіленген негізгі міндеттер туралы ақпарат беріп, сонымен қатар бүгінгі күнге «AMANAT» партия тарапынан атқарылған жұмыстар жөнінде хабарда етті. Өз кезегінде Тахир Кадимов «AMANAT» партиясының сайлауалды бағдарламасындағы басымдықтар туралы хабардар етіп, алда тұрған міндеттермен таныстырды. Кездесуге қатынасқан аурухананың қызметкерлері өткізілетін сайлау – ел келешегі үшін маңызы зор шара екендігін баса айтып, әр қызметкер сайлауға қатынасып, өз таңдауын жасайтындығын жеткізді.
#AMANAT2023
#ДауысберAmanat2023
#ГолосуйЗаAmanat2023
