⚡️ШТАБ ӨКІЛДЕРІ РИДДЕРДЕ САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАНЫ ТҮСІНДІРДІ
«AMANAT» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері Риддер қаласында бірқатар кездесу өткізді.
Партиялықтар әуелі ардагерлер және ақсақалдар қауымымен жүздесіп, бағдарламаның әлеуметтік қамқорлыққа қатысты басымдықтары туралы айтты.
🗣«Егде жастағы, зейнет жасына таяған және зейнеттегі азаматтардың еңбегі сұранысқа ие болуы керек. Зейнеткерлер лайықты зейнетақы алуға, жақсы тамақтануға, сапалы және қолжетімді ем алуға, белсенді өмір салтын ұстануға мүмкіндігі болуы тиіс. Әр азамат мемлекет қамқорлығын сезінуге қажет», – деді штаб мүшесі Дүйсенбай Тұрғанов.
Штаб мүшелері қала жастарымен де пікір алмасты. Сондай-ақ «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғын үйлерді аралап, үгіт-насихат жұмысын жүргізді.
Аманаттықтардың Риддердегі сапары еңбек ұжымымен кездесуде түйінделіп, партиялықтар «Қазмырышмаш» өндіріс кешенінде сайлауалды бағдарламаның басым бағыттарын сараптады.
#AMANAT2023
#ДауысберAmanat2023
#ГолосуйЗаAmanat2023
