Шизофрения: бұл ауру туралы қорқынышсыз және стереотипсіз айту неліктен маңызды?
10 қазан – Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ), бағалауы бойынша, 2023 жылы психикалық бұзылыстары бар адамдар саны шамамен 1,2 млрд-қа жетті – бұл Жер тұрғындарының әрбір жетіншісі[1]. Сондай-ақ ДДСҰ деректері бойынша, 2023 жылы 27 миллионға жуық адам шизофрениямен өмір сүрген – бұл ғаламшарымыздағы шамамен әрбір 300-ші адам[2].
Психикалық бұзылыстардың кең таралуына қарамастан, бұл тақырып әлі де үрейге, мифтер мен стереотиптерге толы. Әсіресе олардың саны шизофрения айналасында жиі кездеседі. Дегенмен, бұл диагноз адамның тұлғасын сипаттамайтынын және өздігінен оның болашағын анықтамайтынын еске салған жөн. Жүйелі түрде жеке таңдалған ем мен қолдаудың арқасында шизофрениямен өмір сүретін көптеген жандар жақындарымен қарым-қатынасын сақтап, білім алып, жұмыс істей алады әрі күнделікті сүйікті ісімен айналысуын жалғастыра береді.
Шизофрения – шынайылықты қабылдауға, ойлау барысына және адамның мінез-құлқына әсер ете алатын психикалық бұзылыс. Аурудың белгілеріне галлюцинациялар (мысалы, басқалар естімейтін дауыстарды есту), өзгелер бөліспейтін тұрақты сенімдер және ойды жүйелі түрде жеткізудің қиындауы жатады. Кейбір жандардың әдеттегі істерге деген қызығушылығы, эмоциялық реакциялары, зейіні мен қарым-қатынас жасау қабілеті өзгеруі мүмкін. Аурудың көріністері мен олардың айқындығы әр адамда әртүрлі байқалады.
Мұндай өзгерістер әртүрлі жағдайларда пайда болуы мүмкін, сондықтан диагноз қою үшін бір ғана белгі жеткіліксіз. Егер өзгерістер сақталса, күшейсе немесе күнделікті өмірге кедергі келтірсе, дәрігер-психиатрға қаралу қажет. Диагнозды мамандар жағдайды және басқа себептердің ықтимал әсерін бағалағаннан кейін қояды.
«Адамдар диагноз қойылуынан немесе айналасындағылардың реакциясынан қорқып, мамандарға жүгінудікейінге қалдырып жатады. Бірақ диагноз адамның кім екенін айқындамайды және оның бүкіл болашақ өміріншешіп бермейді. Маманның кеңесі орын алған өзгерістердің себебін түсінуге әрі қандай қолдау қажет екенінанықтауға көмектеседі. ДДСҰ шизофрения кезінде көмек көрсетудің тиімді жолдары бар екенін және осы диагнозқойылған әрбір үшінші адамның толық айығып кете алатынын атап өтеді2. Емдеу тәсілі мен мақсаты әрбір адамүшін жеке таңдалады», — деп атап өтеді Абетова Айгүл Абдурасулқызы, жоғары санатты дәрігер-психиатр, психотерапевт және нарколог, РПДҒПО-ның медицина ғылымдарының кандидаты.
Қазақстанда алғашқы тексеруден өту үшінтіркелген жердегі емханаға жүгінуге болады. Учаскелік немесе алғашқымедициналық-санитариялық көмек дәрігері жағдайыңызды бағалап, қажет болса, психикалық денсаулықкабинетіндегі психиатрға немесе психикалық денсаулық орталығына жолдама береді. Жағдай кенеттеннашарласа немесе өмірге тікелей қауіп төнсе, 103 нөмірі арқылы жедел жәрдем шақырған жөн.
Жақындары адамға не болып жатқанын сабырмен талқылауға, маманға жазылуды ұсынуға, қызметбайланыстарын табуға немесе консультацияға бірге баруға көмектесе алады. Адамның уайымын сөкпеу, өзбетінше диагноз қоймау және дәрігерсіз емдеуді таңдамау маңызды. Егер жағдайдағы өзгерістер сақталса, маманның өз уақытында берген консультациясы жағдайды түсінуге және қандай көмек қажет екенін анықтауғакөмектеседі. Жақындарының қолдауы шизофрениясы бар адамға өзі үшін маңызды қарым-қатынастарды жәнекүнделікті айналысатын істерін сақтап қалуға көмектесе алады.
«Психикалық денсаулық мәселесін тек диагноз арқылы қарастыру мүмкін емес. Әрбір жағдайдың артында адам, оның отбасы және күнделікті өмірі тұр. Сондықтан емдеудің жаңа әдістерін әзірлеумен қатар, психикалық аурулар туралы хабардарлықты арттыру және адамдар мен олардың жақындарына түсінікті әрі сенімді ақпарат алуға көмектесу қажет. Johnson & Johnson 70 жылға жуық уақыт бойы психикалық денсаулық саласында жұмыс істеп келеді, біз үшін бұл жұмыс терапияны дамытуды да, аурулар туралы үрейсіз және алдын ала теріс пікірсіз ашық сөйлесуді қолдауды да қамтиды», – деді Johnson & Johnson Innovative Medicine ТМД нарықтарының директоры әрі «Johnson & Johnson Kazakhstan» ЖШС бас директоры Әділет Назарбаев.
Ауру туралы хабардар болу сырқат белгілерімен бетпе-бет келген жандар үшін де, олардың айналасы үшін де маңызды. Жақындарының сабыр сақтауы, стереотиптерден бас тартуы, кәсіби көмекке жүгінуіне қолдау білдіруі – жағдайындағы өзгерістермен алғаш рет кезіккен адам үшін өте үлкен демеу.
Дүниежүзілік психикалық денсаулық күні – психикалық аурулар туралы ашық айтудың маңыздылығын тағы бір мәрте еске салатын айтулы күн. Ауруды түсіну, дәрігерге уақытылы қаралу және жақындарының қолдауы шизофрениямен өмір сүретін жандарға сырқатты бақылауда ұстап, өмір сапасын сақтауға көмектеседі.
[1] ДДСҰ. Психикалық бұзылыстар. Онлайн-ресурс https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/mental-disorders
[2] ДДСҰ. Шизофрения. Онлайн-ресурс https://www.who.int/ru/news-room/fact-sheets/detail/schizophrenia