ШЕЖІРЕ ЗАҢЫН БІЛ!!!
Майра Тажибаева /
Руыға демей не деп айтады. Аталар дейма? Адай мысалы адай ата ұрпағы сонын ишинде паленше деген руын айтадыго.
Шежіреші Ұлтшыл Тоқтар Абыз / МАЙРАНЫҢ СҰРАҒЫНА, ҚЫСҚА ЖАУАП.
ШЕЖІРЕ ҚАЙЫРУ.
Шежіре қайыру дана сұрақтардан тұрады, жауабы - нақтылық.
Шежіре - құпталған аманат, Таңірлік Құдайдан.
Шежіре қайыру кезінде, реттік қатары сақтала отырып сұрақтар қойылып, сұраққа нақты жауап беріледі.(қысқартылған).
1. ТҮП ТҰҒИЯНЫҢ КІМ?
2. ТҰҒИЯНЫҢ КІМ?
3. БАБАҢ КІМ?
4. ҚАЙ ЖҮЗСІҢ?
5. ЕЛІҢ КІМ?
6. РУЫҢ КІМ?
7. АТАҢ КІМ?
8. ТҮП ТАМЫРЫҢ КІМ?
Қазақ осындай маңызды сұрақтарды қоя отырып «Шежіре қайырып», сұрақ қойылып отырған адамның болмысымен шығу тегін біліп қана қоймай, жаратылу тарихын Шежрелік, яғни «генетикалық» тұрғыдан толық түсінген.
Қазақ, адамның «Шежіресін қайырып» сұрап болғаннан кейін: 1. Ататек. 2. Үрім бұтақ. 3.Төрт жұрты: Өз жұрты, Тай жұрты, Нағашы жұрты, Қайын жұрты - жайлы тәпіштеп отырып сұрап, қан тазалығы арқылы ұрпағымызға жақсы немесе қандай жаман шежірелік ақпараттар тасқынының кетіп жатқанын саралаған.
ТАЙ ЖҰРТ деген, әкесінің шеше жағы.
Егер біз, Шежіреге толық қатысы бар осы заңды сұрақтарға ретін сақтап толық қанды жауап бере алмасақ, Қазаққа тиесілі ұлы дүние танымды қадірлеп құрметтей білуді ұмытқанбыз десекте болады.
Шежіре заңдылығы -жүйе, жүйенің бұзылуы - әлжуаз туылған ұрпақ.
Майра, сенің сұрағыңа келсек.
ЕЛІҢ КІМ? деген сұраққа: БАЙ ҰЛЫ.
РУЫҢ КІМ? делінетін сұраққа: АДАЙ.
АТАҢ КІМ? деген сұраққа «Адай руының» ішіндегі «Атаны» атайсың.
Ал «ТҮП ТАМЫРЫҢ КІМ?» деген сұраққа, Бай ұлы Елінің ұл-қыздары:
Ақ арыстан: Мың жүз. Мың жүз. Мың жүз.
Жан Арыстан: Мың жүз. Мың жүз. Орта жүз -деп жауап беруі керек.
Әр қазақ, «ТҮП ТАМЫР» жайлы сұраққа осылай нақты жауап бере білген жағдай да, өзіне тиесілі таза қандық ақпараттың «ҮШ ЖҮЗДІЕН» туылған ұл-қыздардың болмысына баяғы заманда тамырлана кіріп кеткенін ұғып, «қазақ қазақты баяғыда туып біткен» деген заңдылық өз тағына қайта отырып, қойныңдағы жарыңның өзі неге «қарын бөле» болып шығатындығы жайлы дәлел түсінікті болып, қазақтың тұтастығына сына қағуға болмайтын ұлт екендігі айқын болатыны ақиқат.
Қысқаша жауап осылай.
Толық қанды жауапты тапсырыспен өзім шығарғалы жатқан «Ақиқат» атты кітабымнан оқырсыңдар.
