Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШЕВЧЕНКО АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ

«Nur Otan» партиясы атынан Мәртөк аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Рашид Айтқалиев, Бакытгул Абдуллина, Ильдар Шакиров Шевченко ауылы тұрғындарымен ZOOM бағдарламасы арқылы онлайн кездесті. Үміткерлер сайлауалды бағдарламада тұрғындардың өмір сапасын арттыруға бағытталған бірнеше бағытты сайлаушыларға жан-жақты баяндап, сайлаушылардың ұсыныс тілектерін тыңдады. Соның ішінде үміткерлер жол мәселесіне тоқталды: Жол - бұл әр аудан өмірінің басты артериясы. Барлық ауылдар азаматтары үшін сапалы жолдар мен жақсы инфрақұрылым болуы тиіс. Бүгінгі күні аудандық маңызы бар жолдардың ұзындығы 305 км құрайды, оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 71,5 км. Кентішілік жолдардың ұзындығы 153,3 км құрайды, оның ішінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайда 15,1 км. Автожолдардың сапасын кезең-кезеңмен жақсарту үшін алдағы бес жылда нақты атқарылатын жұмыстар «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасында көрсетілген – деді аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер. #NurOtan #NurOtanMartuk #ГолосуйЗаNurOtan #NurOtanДауысБер #JenimpazBol #tanday2021 #BizBirgemiz #JasOtan

0
0
108

Еще по теме

ШЕВЧЕНКО АУЫЛЫ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН ОНЛАЙН КЕЗДЕСУ - Yvision.kz