Перейти к содержимому
Обложка сообщества Разное

ШЕТПЕДЕГІ ҚАБЫЛДАУ

Шетпе селосындағы қоғамдық қабылдауды Шетпе лицейінің мәжіліс залында өткіздім. Негізгі сұрақтар тұрғын үй мен жұмыс мәселесіне қатысты болды.

1) Жақсымбетова Дина есімді азамат Шетпеден үй сұрайды.

Оған енді Шетпеде дайын тұрған үй жоқ қой қазір. Бірақ, алдағы бес жылдықта Шетпеден көп қабатты үй салу жоспарда тұр. Партия бағдарламасында нақты айтылған. "Кезекке тұрыңыз, бұйырса, өз үйіңізге кіресіз" деп үміт бердім.

2) Шаттыгүл Шуликова да төрт баласымен "времянкада" өмір сүреді екен. Күйеуі екінші топтағы мүгедек. 2015, 2019 жылдары екі рет инсульт алыпты. Қазіргі күні төрт баласымен аядай бөлмеде тұратын Шаттыгүл мүгедек күйеуін шомылдырған кезде қатты қиналатынын айтты.

3) Мүдебаева Гүлжанның мәселесі де тұрғын үйге қатысты екен. "Самат келді деген соң, сені таңертеңнен бері күтіп жүрмін, қарағым. Астанаға кетсең жолың болсын. Елге қайырымды адам деген атағың көп шығады. Сол рас болса маған арзан үй бер" деді.

Қапелімде не деп жауап бере қояйын?! Бірақ, қолымнан келген көмекті аямайтынымды айттым.

4) Майлыбаева Айнагүлдің күйеуіне жұмыс керек боп шықты. О кісі үйінде демалып жатыр екен, әйелі келіп менен "өндірістен жұмыс тауып беріңіз" деді. "Менің өндірісім жоқ. Құрылысқа келсін. Тас қалауға үйретем, жұмыс берем, айлық берем" дедім. Тұрып кетіп қалды... "Әзірге жұмыс керек емес болды ғой" деп ойладым.

5) Ақшатаева Қарлығаш есімді қарындасымыз жалғыз басты ана екен. Екі перзентінің бірі ауру, өзі аудандық жұмыспен қамту бөлімінде қызметте екен. Қарлығаш жас та болса бас адамның сөзін айтты. Аудандағы, облыстағы жұмыссыздық көлемі мен жергілікті өндірістік компаниялардың халықты жұмысқа алуы нашар екенін айтып өтті.

Қарлығаштың айтқан мәселелері бойынша жеке пост жазамын, кеңінен айтатын мәселелер бар!

Шетпедегі қоғамдық қабылдауды аяқтаған соң Жармыш ауылына бағыт алдық. Бұл ауылда біз канвассиң өткізбек ниеттеміз.

Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!

#NurOtan

#Сапарбаян

#СаматМусабаев

#БізБіргеміз

#ЖеңіскеБіргеЖетеміз

0
0
158

Еще по теме

ШЕТПЕДЕГІ ҚАБЫЛДАУ - Yvision.kz