ШЕТПЕ ЛИЦЕЙІНДЕ
Шетпеге бағыт алдық. Маңғыстау ауданы орталығы Шетпедегі жалғыз лицейдің педагогикалық ұжымымен, ондағы бастауыш партия ұйымы өкілдерерімен кездестік.
Әріптесім, Оспан Дәденұлы екеуміз партияның сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, халықты сайлауға шақырып, аз-кем сөйлеген соң сөзді халыққа бердік. "Сұрақ пен пікір, ұсыныс пен тілек болса тыңдаймыз" дестік.
Алғашқы сөзді Бөбетаева Қанзия алды. Лицейдің екі мәселесіне назар аударуымызды өтінді. Бірі спорт залдың жоқтығы, екіншісі автобус керектігі.
"Лицейдің оқушылары қыста көрші колледжге баратын етіп келіскенбіз. Жазда даладағы алаңда жүреді. Сосын жан-жақтан қашықтан қатынайтын оқушылар үшін автобус өте қажет болып тұр" деді қарындасымыз.
Абдуллаева Түймеш апамыз отандық өнім, жергілікті өндіріс жөнінде сөз қозғады. Өзі өндірген таза табиғи өнімдер өтпей, шетелдік тауарлар сұранысқа ие болғаныга қынжылыс білдірді.
Шетпелік белсенді азамат Амалбек Имаш аудандағы білім мәселесіне, білім беру мекемелерінің жағдайына тоқталды. Мектептерде заманауи құрылғылардың тапшылығы, Шетпе кәсіптік колледжін бітірген мамандардың жергілікті компанияларға жұмысқа қабылданбайтынын айтты. Мәселен, "Каспий цемент" мекемесі былтыр екі түйір маманды жұмысқа қабылдаған.
Осындай мәселелерді тыңдап, кеңестер беріп, ой бөлісіп халықпен ризалықта қоштастық.
#NurOtan
#Сапарбаян
#СаматМусабаев
#БізБіргеміз
#ЖеңіскеБіргеЖетеміз


